Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге ашық талқылаулар өткізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді ашық талқылауды жүргізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Ашық талқылаулар, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2019 жылы 17 мемлекеттік қызмет түрі бекітілді, оның 13-і бөліммен тікелей көрсетілді және 4-і "Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ ведомстволық бағынысты мекемесімен көрсетілді.

Есепті жылы 5674 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 4790 - қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді, бұл 84,4% құрайды және 884 қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді-15,6 %.

Есепті кезеңде ең сұранысқа ие қызметтер:

- Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – "Е-собес" АЖ) - 1330 қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 23,4 % ;

-Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау ("Е - собес" АЖ) - 863 қызмет көрсетілді немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 15,2%.

Есепті жылы қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдармен өтініштер түскен жоқ.

Бөлім басшысы мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне тұрақты бақылау жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

Ай сайын Железин ауданы әкімінің аппаратына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы есеп ұсынылады.

Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында және Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында мақалалар жариялау жолымен халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылдың маусым, тамыз және желтоқсан айларында бөлім көрсететін 4 Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері жария етілді.

Бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық қажетті ақпарат орналастырылған стенд бар, сондай-ақ компьютермен, сканермен, принтермен және картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.

 

                       Бөлім басшысы                                  К. Ибрагимов

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz