Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын әлеуметтік сақтандыру 2008 жылдың 01 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге ана мен баланы қолдау үшін енгізілді. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің (МӘСЖ) қатысушысы  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдар жүргiзген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатынан бөлінген әлеуметтік төлемақыларды алуға құқылы.

Әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының фронт-офистеріне – Екібастұз қалалық, Аксу, Баянауыл, Павлодар аудандық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Ал Павлодар қаласы және Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, успен, Шарбақты аудандарында әлеуметтік төлемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдау «ХҚКО» департаменттерінде жүргізіледі.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) –(түпнұсқасы);

3) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парағы (парақтары);

4) банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банкілерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банкілік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20 белгілік есепшот туралы хабарламаның түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

5) өздігінен қызмет атқаратын тұлғалар үшін қосымша:

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- салық органдарымен берілген бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі.

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz