Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Үкіметтің 2016 жылғы 29 қаңтарындағы № 39 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 7 сәуірінде  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды.

2016 жылдың 8 сәуірінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті тіркелді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-тың 2016 ж. 29.06. № 01-04-04-н/қ  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалдарының атауын өзгерту туралы» бұйрығымен  Павлодар облысы бойынша «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті атауы Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті атауына өзгертілді.

2016 жылдың 12 шілдесінде Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті әділет органдарында тіркелді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту үшін 2016 жылдың 01 шілдесінен бастап «ЗТМО» департаменті бөлімшелерінің мамандарын «ХҚКО» департаменті бөлімдеріне тапсыру арқылы құжаттарды қабылдау тек қана «ХҚКО» бөлімдерінде жүзеге асыру сынамалы жобасы іске қосылды.

Мемлекеттік корпорацияның әр бөлімшесінде (бөлімінде) қызметтер шоғырын толық көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында төмендегі өлшемдер бойынша «Front-office-ті» оңтайландырудың 4 кезеңі өңделді:

№ 1 кезең – «Front-back office-ті» (мұрағат қоймасымен бірге ХҚКО мен ЗТМО) ХҚКО немесе ЗТМО-ның бір ғимаратындаорналастыру;

№ 2 кезең – бір елді-мекеннің тұрғындарынан құжаттарды тек қана ХҚКО ғимаратында (ХҚКО/ЗТМО 5 км-дан аспайтын арақашықтықта орналасуын ескере отыра) қабылдайды, құжаттарды өңдеу ЗТМО ғимаратында жүзеге асырылады;

№ 3 кезең – ХҚКО-ның сапа стандарттары бойынша ЗТМО үй-жайларын жаңғырту (тосқауылсыз қызмет көрсету, ресепшн секторларының болуы, өз-өзіне қызмет көрсету, беру орындары, ҚҚО және т.б.);

№ 4 кезең – «Front-back office-ті» (мұрағат қоймасымен бірге ХҚКО мен ЗТМО) бір ғимаратта орналастыру.

1-кезең – Павлодар облысы жоқ.

2-кезең – сынамалы жоба шеңберінде 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 8 аудандық бөлімшелер (Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Успен, Шарбақты аудандары) ХҚКО-ға қызметтерді тапсыру ұйымдастырылды. Осы 8 аудан бойынша «ХҚКО» департаменті «Front-office» қызметін атқарады, ал «ӘТВЕО» департаменті – «Вack-office» қызметінде.

3-кезең – ХҚКО жаңғыртылған «Front-office» құру.

2016 жылдың 05 қазанынан бастап «ӘТВЕО» департаменті Павлодар қ. бөлімшелерінің «Front-office» қызметтері Павлодар қ. «ХҚКО» департаменті бөлімдеріне тапсырылды. «ӘТВЕО» департаментінің Павлодар қ. № 1, 2, 3 бөлімшелері 2016 ж. 05.10. бастап «Вack-office» қызметін атқарады.

Павлодар облысы бойынша «ӘТВЕО» департаменті бөлімшелерінің «Вack-office» қызметіне Мемлекеттік корпорация ХҚКО бөлімдерінде, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінде, сондай-ақ электронды Үкімет порталы арқылы қабылданған істердің макеттерін өңдеу және уәкілетті органдарға бекіту үшін жолдау кіреді.

4-кезең – Ақсу қ., Екібастұз қ., Баянауыл және Павлодар аудандарында «ХҚКО» департаменті бөлімдері мен «ӘТВЕО» департаменті бөлімшелерін бір ғимаратта біріктіру жоспарлануда. 

2016 жылғы 10 қазанның жағдайына байланысты облыстың 4 бөлімшелері – қалалық Екібастұз, аудандық Ақсу, Баянауыл, Павлодар бөлімшелері «Front-office» және «Вack-office» тәртібінде жұмыс істеуді жалғастырады. Сондай-ақ өз қызметтерімен бірге ХҚКО қызметтерінің толық тізбесін де көрсетеді. 

Департамент қызметінің мәні мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Департамент қызметінің мақсаты – халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен басымдықтарын іске асыру.

Департаменттің негізгі борышы – әлеуметтік қорғау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

Департаменттің негізгі функциясы зейнетақыларды, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, балалы отбасыларға баланың тууына және оны күтуге байланысты төленетін жәрдемақыларды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға мемлекеттік бiржолғы ақшалай өтемақыларды, жерлеуге арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді уақытылы төлеу болып табылады.

Департаменттің негізгі міндеттері:

- зейнетақы, жәрдемақы және өзге төлемақылардың төленуін ұйымдастыру;

- зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді тағайындауға және төлеуге халықтан құжаттар қабылдау бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

- сұраныс бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеу істерінің жағдайы жөнінде, зейнеткерлер, жәрдемақы алушылар саны туралы жедел ақпараттарды (статистикалық мәліметтерді) және өзге де ақпараттарды дайындау;

- зейнетақы және жәрдемақы тағайындау үшін іс үлгілерін қалыптастыру, алушылардың орталықтандырылған дерекқорын жаңарту бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Кәсіпорыннан зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан (бұдан әрі – «МӘСҚ» АҚ) әлеуметтік төлемдерді алушылардың іс үлгілерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне бекітуге ұсыну;

- халықты дербестендірілген есепке алу мәселелері бойынша жұмысты, Зейнетақы реформасының ережесін түсіндіру бойынша ақпараттық материалдар мен нормативтік құжаттардың дайындалуын ұйымдастыру;

- мемлекеттік дерекқордағы жеке тұлғалар туралы мәліметтерге сәйкес деректемелер бойынша салымшыларды (алушыларды) сәйкестендіруге қатысты өтініштер мен сұраныстарды қабылдау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру;

- әлеуметтік аударымдар мен (немесе) өсімпұлдарды төлеу жөніндегі агенттен қате аударылған әлеуметтік аударымдар және (немесе) өсімпұлдарды қайтару туралы өтініштерді, қызметкерде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттың болуын растауға өтініштерді қабылдау;

- зейнетақы, жәрдемақы және әлеуметтік төлемдердің дұрыс төлену мәселелері бойынша аудандық (қалалық) бөлімшелердің қызметін бақылау;

- іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, соның ішінде азаматтардың зейнетақы және жәрдемақы төлеуге қатысты өтініштерін, арыздарын, хаттарын қарастыру;

- Кәсіпорынның жарғылық мақсаттарына сәйкес басқа ұйымдар мен жеке тұлғаларға кеңес беру және өзге де қызмет түрлерін көрсету.

Департаментке екінші деңгейлі банкілерден іс жүзінде жүргізілген зейнетақы және жәрдемақы төлемдері туралы есептерді қабылдау, зейнетақы және жәрдемақы төлеуге аударылған қаражатты жұмсау туралы мәліметтерді банкілермен салыстыру жұмысын жүргізу құқығы беріледі.

Департамент келесі қаржылық жылға болжалды инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы төлеміне құқығын алған кездегі салымшы іс жүзінде аударған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін анықтайды.

Біздің мекенжаймыз: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., Ак.Сәтбаев көш., 44.

2016-12-12 10:26:12

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz