Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Тұрғындардың назарына!

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қызмет алушылардың бала тууына байланысты берілетін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақылар (бұдан әрі – бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақылар) жөнінде өтініштерін электронды Үкімет порталы (ЭҮП) арқылы қарастыру енгізілді. Бұл ретте мемлекеттік қызмет (МҚ) жұмыссыз қызмет алушыларға және әлеуметтік сақтау жүйесінің қатысушыларына да көрсетіледі.

Жәрдемақыларды тағайындау жөнінде өтініштерді ЭҮП арқылы берудің басымдылықтары:

- өтініш беруші үшін ыңғайлы уақыт, яғни өтініш беруші Интернетке  қолжетімділік пен электрондық сандық қолтаңбасының (ЭСҚ) болуы арқылы «үйден шықпай-ақ» қызмет ала алады;

- қызмет алу үшін қажетті құжаттарды мемлекеттік органдар инстанцияларына жолықпай-ақ жинастыру;

- материалды шығындардың орын алмауы.

ЭҮП арқылы өтініш пен талап етілетін қызметті таңдаған кезде мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі сұраныстар автоматты түрде орындалады.  Бұл мәліметтер жәрдемақы тағайындау үшін қажет. Өтініш берушіге ЭҮП-те электронды өтінішті толтыру жеткілікті болады. Сондай-ақ қызмет алушы жіберген сұранысының алыну және өңделу мәртебесін қарастыру жолымен талқылану бағытын өздігінен қадағалау мүмкіндігін алады.

Электронды Үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында қарастырылатын келесі қызмет түрлері көрсетілуі мүмкін:

1. «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»; 

2. «Жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»;

3. «Жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»;

4. «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау»;

5. «Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны тағайындау».

Сондай-ақ келесі қызмет түрлеріне бір уақытта өтініш беру мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн: «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныштылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».

Толық ақпарат пен ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде оқыту роликтері «электронды Үкіметтің» Интернет-ресурсында  www.egov.kz орналасқан.    

ЭСҚ-ны Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерінде төмендегі мекенжайлар бойынша алуға болады: Павлодар қ., Павлов көш., 48, Исиналиев көш., 24, Кутузов көш., 204. 

 


1. Жұмыс тәртібі

 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тұрғындарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көрсетілген мейрам күндері мен демалыс күндерінен басқа күндері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс уақыты  сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдете қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  http://www.mzsr.gov.kz Интернет-ресурсында, Департамент бөлімшелердің стенділерінде және ақпараттың ресми көздерінде орналасқан.

 

2. Көрсетілетін қызмет түрлері

 

Мемлекеттік қызметтің атауы

бір қызмет алушының күтуіне барынша рұқсат етілген уақыт

бір қызмет алушыға қызмет көрсетуге барынша рұқсат етілген уақыт

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемін тағайындау»

30 минут

30 минут

10 жұмыс күні

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мемлекеттік арнаулы жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Әлеуметтік тәуекелдік жағдайына әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты; асыраушысынан айырылуына байланысты; жұмысынан айырылуына байланысты; жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Баланың тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

7 жұмыс күні

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»

30 минут

30 минут

8 жұмыс күні

«Мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау»

30 минут

20 минут

7 жұмыс күні

«Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау»

30 минут

30 минут

3 жұмыс күні

 


Қаржыландыру көздері және төлем түрлері

 

Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының негізгі міндеті –  зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу. Қаржыландыру Республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жүргізіледі.

РБ-дан:

- зейнетақы;

базалық зейнетақы төлемі;

мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар:

- мүгедектiгi бойынша;

- асыраушысынан айырылуына байланысты;

- жасына байланысты;

-мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы:

- жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№ 1 тізім бойынша);

- еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген тұлғаларға (№2 тізім бойынша);

- бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жәрдемақы;

- мүгедек-баланы (мүгедек-балаларды) тәрбиелеуші анаға немесе әкеге, ұл бала (қыз бала) асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мемлекеттік жәрдемақы;

- арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы:

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;

- ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;

- ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлердiң жесірлері;

- Қайтыс болған ҰОС мүгедектері мен мүгедектік тобы бар қатысушыларының әйелдері (ерлері);

- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, үш дәрежелi Даңқ, үш дәрежелi Еңбек Даңқы ордендерiнiң иегерлерi, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы»  құрметтi атағына ие болған адамдар;

- Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары;

- ҰОС жылдарында ордендермен және медальдармен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) тұлғалар;

- ЧАЭС апат салдарын жоюға қатысушылар;

- 1, 2, 3 топтың мүгедектері, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;

- Алтын алқа, Күміс алқа белгісімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын иеленген және І, ІІ дәрежедегі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;

- Бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар;

- Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының алдында ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы алатын тұлғалар.

Жерлеуге арналған біржолғы төлемақы.

 

 

2016 жылға арналған әлеуметтік индикаторлар

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 121 теңге мөлшерінде;

Ең төменгі зейнетақы – 25 824 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 22 859 теңге;

Базалық зейнетақы төлемі – 11 965 теңге;

Жалақының ең төменгі мөлшері – 22 869 теңге.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» № 985 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 426-V «2016–2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған зейнетақы төлемдері 9 пайызға өсті.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнеткерлердің, соның ішінде жасына қарай зейнетақы төлемдерін алатындардың зейнетақы мөлшері алып отырған зейнетақы төлемдері көлемінен 9 пайызға көтерілді.

2016 жылғы 01 қаңтарға мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің көлемі 2015 жылы алынған төлемнен 7%-ға көтерілді және 11 965 теңгені құрады.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы көлемдерінің 25 пайызға өсуіне байланысты және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты  2016 жылғы 01 қаңтардан  мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері өзгерді.

№ 1 және № 2 Тізімдері бойынша мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың мөлшері, тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты көтерілді.

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедек-баланы (мүгедек-балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын жәрдемақы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,05 * ЕТЖМ құрайтын болады.

Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс мөлшерінің ең жоғарғы шектеуі 41 АЕК (2 121 теңге х 41 = 86 961 теңге).

Облыс бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 44 149 теңгені құрайды, ең төменгі мөлшер 25 824 теңгеге дейін көтерілді, ең жоғары мөлшер 65 221 теңгеге өсті.

Жалпы саннан алып қарағанда, ең төменгі зейнетақыны 7 576 адам немесе 6,9 %  алады.

Еңбек өтілі толық емес жағдайда – 6 463 адам немесе 5,9% .

Ең жоғары мөлшердегі зейнетақыны 102 адам немесе жалпы санның 0,1 %-ы алса, 16 094 адам ең жоғары зейнетақы мөлшерінен жоғары немесе 14,6 %-ын, зейнетақының орташа және жоғары мөлшерін 79 691 адам немесе 72,5%-ы алады.

Базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 965 теңгені құрады, бұл төлемді облыс бойынша – 110 853 адам алады.

Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері – 66 625теңгеге,ал төртінші және одан да көп бала туған жағдайда – 111 035 теңгеге өсті.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын жәрдемақы мөлшері:

- бірінші балаға – 12 217 теңге;

- екінші балаға – 14 445 теңге;

- үшінші балаға – 16 650 теңге;

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 18 877 теңге.

Әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің қатысушысы МӘСҚ-танәлеуметтiк тәуекел жағдайлары басталған кезде әлеуметтiк төлемге құқылы болып есептеледі.

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандырудың түрлерi:

- еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайында;

- асыраушысынан айырылу жағдайында;

- жұмысынан айырылу жағдайында;

- жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айырылу жағдайында;

- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайында;

- бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу жағдайында.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты тағайындалған әлеуметтік төлемдер мөлшері 7 %-ға ұлғайды.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 986 «2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі туралы» қаулысы.

 

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын әлеуметтік төлем

 

Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайларда тағайындалатын әлеуметтік сақтандыру 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдерге ана мен баланы қолдау үшін енгізілді. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнің (МӘСЖ) қатысушысы  «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес әлеуметтiк аударымдар жүргiзген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) қаражатынан бөлінген әлеуметтік төлемақыларды алуға құқылы.

Әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының фронт-офистеріне – Екібастұз қалалық, Аксу, Баянауыл, Павлодар аудандық бөлімшелеріне жүгіну қажет. Ал Павлодар қаласы және Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, успен, Шарбақты аудандарында әлеуметтік төлемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдау «ХҚКО» департаменттерінде жүргізіледі.

Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) –(түпнұсқасы);

3) жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парағы (парақтары);

4) осы Ережелердің 7-қосымшасына сәйкес жұмыс орнынан әлеуметтік тәуекелдік басталғанға дейінгі соңғы он екі күнтізбелік ай ішіндегі табысы туралы бекітілген үлгі бойынша анықтамасы (анықтамалар);

5) банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банкілерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банкілік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20 белгілік есепшот туралы хабарламаның түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

6) өздігінен қызмет атқаратын тұлғалар үшін қосымша:

- жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

- салық органдарымен берілген бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер бойынша салыстыру актісі.

 


Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы

(балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған

жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерге құқылы болған кезеңнен бастап, соңғы күнтізбелік он екі ай ішіндегі табысы

туралы жұмыс орнынан берілетін анықтама

 

Төлеушінің атауы _____________________________________________

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), сондай-ақ орналасқан жері/тіркелген орны ________________________________________________

Жұмыскердің Т.А.Ә._____________________________­______________

Жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ___________________

 

Кезең (айы және жылы)

Жалақы (табыс) сомасы

Әлеуметтік аударымдардың сомасы, теңге

Ескерту

аударылған

төленген

1

2

3

4

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиыны

 

 

 

 

Барлығы ____________ ай ішінде___________________________ теңге

(сомасын жазбаша көрсету)

Негіздеме:____________________________________________________

(анықтама беру үшін негіздеме болған құжаттар)

 

Мөр

орны

 

Басшы             ____________  _____________________ 
                                         (қолы)                        (Т.А.Ә.)

Бас бухгалтер ____________  _____________________

                               (қолы)                         (Т.А.Ә.)

 

Берілген күні: 20__ жылғы «___» ___________________

 

 

 

 

 

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін әлеуметтік төлем

 

Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін енгізілді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап, ол бір жасқа толған күнді қоса алғандағы мерзім аралығына дейін тағайындалады. Бір жасқа толмаған бала қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдер қайтыс болған айға қоса төленеді.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем екі және одан да көп бала туған кезде әр балаға жеке тағайындалады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемақыны тағайындау үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (МӘСЖ) қатысушысы  Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығының фронт-офистеріне – Екібастұз қалалық, Аксу, Баянауыл, Павлодар аудандық бөлімшелеріне жүгінеді. Ал Павлодар қаласы және Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, успен, Шарбақты аудандарында әлеуметтік төлемақыны тағайындауға құжаттарды қабылдау «ХҚКО» департаменттерінде жүргізіледі.

 Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқасы);

2) тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы) – (түпнұсқасы);

3) баланың (балалардың) туу туралы куәліктерінің көшірмесі немесе туу туралы актілер жазбасының көшірмесі, сондай-ақ салыстыруға қажетті түпнұсқалары (түпнұсқасы мен көшірмесі);

4) банкілік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банкілерде және (немесе) ұйымдарда ашылған банкілік шот нөмірі немесе түзету мекемесінің бар болуы туралы бақылау шотының (ашылған 20 белгілік есепшот туралы хабарламаның түпнұсқасы және көшірмесі) нөмірі туралы мәліметтер;

5) егер бір жасқа дейін ұл баланы (қыз баланы) асырап алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша функцияны жүзеге асыратын органмен берілген баланы (балаларды)  асырап алу туралы сот шешімі үзіндісінің көшірмесі;

6) егер бір жасқа дейін баланы (балаларды) қамқорлығына алған жағдайда – қамқоршылық және қорғаншылық бойынша қызметті жүзеге асыру органы шешімінің көшірмесі.

 

 

Павлодар облысы бойынша «ӘТВЕО» департаментінің құрылымдық бөлімшелері

 

Бөлімшелердің атауы

Бөлімшелердің ресми орналасқан жері

Қала коды және байланыс телефондары

Жұмыс кестесі

Павлодар облысы бойынша «ӘТВЕО» департаменті

Павлодар қ., Ак. Сәтбаев көш., 44 pavlodar@gcvp.kz

pavlodar02@gcvp.kz

8 718 270 44 08

70 44 09

70 44 10

70 44 11

70 44 12

70 44 13

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі ас үзілісімен бірге сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру ХҚКО бөлімдерінің ғимараттарында төмендегі мекенжайлар бойынша дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады: Павлодар қ., Исиналиев көш., 24, Павлов көш., 48, Кутузов көш., 204                      

«ӘТВЕО» департаментінің Ақсу аудандық бөлімшесі

 

Ақсу қ., Астана көш. 26

pavlodar01@gcvp.kz

8 718 374 99 40

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

«ӘТВЕО» департаментінің Екібастұз қалалық бөлімшесі

 

Екібастұз қ., К.Пшенбаев көш. 6

pavlodar03@gcvp.kz

8 718 779 99 90

 

«ӘТВЕО» департаментінің Ақтоғай аудандық бөлімшесі

 

Ақтоғай а., Муткенов көш., 12А

pavlodar04@gcvp.kz

 

8 718 417 99 20

 

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі ас үзілісімен бірге сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру аудандық ХҚКО бөлімдерінің ғимараттарында дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады

«ӘТВЕО» департаментінің Баянауыл аудандық бөлімшесі

 

Баянауыл а., Сәтбаев көш. 55

pavlodar05@gcvp.kz

 

8 718 407 99 50

 

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

«ӘТВЕО» департаментінің Железин аудандық бөлімшесі

 

с. Железинка,

ул. Ауезова, 54

pavlodar06@gcvp.kz

8 718 317 99 60

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі ас үзілісімен бірге сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру аудандық ХҚКО бөлімдерінің ғимараттарында дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады

«ӘТВЕО» департаментінің Ертіс аудандық бөлімшесі

 

с. Иртышск,

ул. 2-ая Набережная, 44

pavlodar07@gcvp.kz

8 718 327 99 70

«ӘТВЕО» департаментінің Качир аудандық бөлімшесі

 

с. Теренколь,

ул. Елгина, 128

pavlodar08@gcvp.kz

8 718 337 99 80

«ӘТВЕО» департаментінің Лебяжі аудандық бөлімшесі

 

с. Акку,

ул. С. Хамзина, 4

pavlodar09@gcvp.kz

8 718 397 99 38

«ӘТВЕО» департаментінің Май аудандық бөлімшесі

 

с. Коктобе,

ул. Аблайхана, 28

pavlodar10@gcvp.kz

8 718 387 99 09

«ӘТВЕО» департаментінің Павлодар аудандық бөлімшесі

 

г. Павлодар,

ул. Мира, 22А

pavlodar11@gcvp.kz

8 718 270 37 37

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда түскі ас үзілісінсіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

«ӘТВЕО» департаментінің Успен аудандық бөлімшесі

 

 

с. Успенка,

ул. Терешковой, 24

pavlodar12@gcvp.kz

8 718 347 99 97

Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі ас үзілісімен бірге сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру аудандық ХҚКО бөлімдерінің ғимараттарында дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады

«ӘТВЕО» департаментінің Шарбақты аудандық бөлімшесі

 

с. Щербакты,

ул. 1 мая, 24

pavlodar13@gcvp.kz

8 718 367 99 99

 

ХҚКО-ға (және ӘТВЕО-нің «Front-office-теріне») жүгіну арқылы Сіз келесі мемлекеттік қызметтерді ала аласыз:

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;

«Мүгедектігіне, асыраушысынан айырылу жағдайына және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау»;

«Мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау»;

«Әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындау: еңбек қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу»;

«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

«Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды тағайындау»;

«Мүгедек-баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) жәрдемақы тағайындау».

 

Қызмет алушылардың назарына!

 

www.egov.kz«Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз келесі мемлекеттік қызметтерді ала аласыз:  

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»;

«Бала туғанда және бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды тағайындау»;

«Жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақытағайындау»

Сондай-ақ www.egov.kz«Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы Сіз мемлекеттік қызмет көрсетулердің нәтижелері бойынша ақпарат ала аласыз:

- зейнетақы төлемдерін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту);

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау (немесе тағайындаудан бас тарту).

Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған кезде, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.

 

Сенім телефоны

 

Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінде зейнетақымен қамтамасыз ету, жұмысты ұйымдастыру, зейнетақы және жәрдемақыларды уақытылы төлеу жөніндегі сұрақтар бойынша сенім телефоны ұйымдастырылған, сондай-ақ «ӘТВЕО» департаменті жұмыскерлерінің заңсыз іс-әрекеттері туралы  8 718 270 44 01, 8 718 270 44 07 сенім телефондары арқылы сенбі, жексенбіден басқа күндері күн сайын 15.00-ден 18.00-ге дейін байланысуға болады.   

Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар тізбесі туралы толық ақпаратты:

- Министрдің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығынан;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң www.enbek.gov.kzИнтернет-ресурсынан;

- «ӘТВЕО» дирекциясының (Астана қаласы) www.gcvp.kz Интернет-ресурсынан;

- «ӘТВЕО» департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық стендiлерiнен табуға болады

2016-12-12 10:29:02

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz