Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Бірыңғай 1411 шағын гөмірі бойынша Байланыс орталығына ақысыз қоңырау шалу арқылы Сіз өзіңізге мүдделі келесі мәселелер жөнінде кеңес ала аласыз:

  • еңбек қатынастары;
  • халықты жұмыспен қамту;
  • зейнетақымен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыру;
  • мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға психологиялық онлайн кеңес беру үшін өтінімдерді қабылдау.

 

Бұдан басқа Байланыс орталығына  электрондық пошта ( е-mail – info@info.mintrud.kz)  арқылы немесе Интернет (www. info.mintrud.kz – web-порталы) аркылы өтуге болады.

 

  Жұмыс іздеп жүрсіз бе? 1411 нөміріне тегін SMS-хабарламаны жолдап, өзіңіздің елді мекеніңізде  бос жұмыс орындары  бойынша ақпарат алыңыз. 

Сұрау салғаннан кейін Сіздің ұялы телефоныңызға қажетті мамандық бойынша бос жұмыс орындары  бар жұмыс берушілер жөніңде ақпарат жіберіледі.

SMS-хабарламаның үлгісі:  *жұмыс*қала коды*мамандық#

Мысалы:                                       *жұмыс*7172*жүргізуші#

*жұмыс*7282*мұғалім#

*жұмыс*72834*мейірбике#

 

Сіз Жұртшылықпен байланыс жөніндегі басқармаға сенбі және жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа аласыз. Сізге міндетті түрде жауап береді.

 

SMS хабарламаны  жiберу және қабылдау – тегін.


Мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға  психологиялық көмек көрсету және кеңес беру ісімен онлайн Қолдау қызметі  айналысады.

Бірыңғай 1411 шағын нөміріне тегін қоңырау шала отырып, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек пен кеңес алу  үшін кезекке тұру мүмкіндігі бар.

Мұгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн-психологиялық кеңес беру Қазақстан–Ресей медициналық университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 1411 телефоны бойынша алуға болады. Сіз қалалық және ұялы телефон арқылы  қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу – тегін.

 

Онлайн-психологиялық кеңес алу үшін:

  • Интернетке қосылған компьютер;
  • Веб-камера
  • Компьютерге қосылған микрофоны бар құлаққаптар немесе динамиктер;
  • Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

 

Қосылу үшін Skype (скайп атауы) адресі: krmu1411


Ұялы телефонға SMS-хабарлама жіберу

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына сәйкес уәкілетті органмен зейнетақы және жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдаған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшелері  өтініш берушінің өзі жолыққан кезде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны ұсынады немесе өтініш берушінің ұялы телефонына SMS-хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның аудандық немесе қалалық бөлімшелеріне зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде SMS-хабарлама келетін ұялы телефон нөмірін көрсетуге құқылы.

 

2015 жылдың 01 шілдесінен бастап азамттарға қызмет көрсету сапасын жақсарту шеңберінде Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті зейнетақы және жәндемақы тағайындау үшін құжаттар тапсырған азаматтардың ұялы телефондарына аталған төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) жөнінде SMS-хабарламалар жіберу арқылы ақпараттандыру көзделгенін хабарлайды.

Жаңа ережелерге сәйкес үш немесе одан да көп ай бойы банк шотында шығыс операцияларын жүргізбеген зейнетақы және жәрдемақы алушылар үшін (яғни азаматтар шотқа аударылған зейнетақы мен жәрдемақыны алмайды) төлем тоқтатылады. Бұл жағдайда қызмет алушы зейнетақы (жәрдемақы) төлемдерін алмау себептерін анықтау үшін Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне жолығу қажеттілігі туралы да SMS-хабарлама алады.

Біздің мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы, Паалодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев көшесі, 44-үй.

2016-12-12 10:30:07

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz