Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

Өрт шыққан уақытта объект әкімшілігінің іс-әрекеті біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен адамдарды қоныс аударуға бағытталу керек.

Өрт шыққан кезде персонал міндетті:

-         өрт сөндіру қызметіне 101 телефоны арқылы тез арада хабарлап, сондай-ақ объектінің мекенжайын, өрт шыққан жерін, не жанып жатқанын және ғимараттағы адамдар саны туралы хабарлау керек;

-         адамдар өміріне қауіп әкелетін жағдайларда тыныс алу органдарының жеке қорғау құралдарын, қолдағы бар күш пен құралдарын пайдалана отырып  олардың құтқаруын шұғыл ұйымдастыру керек;

-         өртке қарсы қорғау жүйесінің жұмысын тексеру (өрт жайында адамдарды хабарлау, өрт сөндіру, түтіннен қорғау);

-         қажетті жағдайда электр энергиясын сөндіруге (өртке қарсы қорғау жүйесінен басқаны), лифт жұмысын тоқтатуға;

-         авариялық және басқа үй жайларында желдеткіш жүйесінің жұмысын тоқтату, ғимарат үй жайларының түтіндеуін, өрттің өрбуін тоқтатуға ықпал ететін басқадай шараларды орындауға;

-         ғимараттағы өртті жою шаралармен байланысты жұмыстан басқа барлық жұмысты тоқтатуға;

-         өрт болған уақытта терезе мен есіктерді ашпауға, сондай-ақ шыныны сындырмауға. Ғимарат немесе үй жайынан шыққан уақытта терезе мен есіктерді жауып кетуге, өйткені кірген таза ауа өрттің тез жайылуына ықпал етеді.

    Объект басшысы міндетті:

-         өрт сөндіру қызметінің құрылымдары келгенге дейін (объектінің спецификалық ерекшелерін есепке ала отырып) өрт сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүргізуге;

-         өртті сөндіруге қатыспайтын қызметкерлерді қауіпті аймақтан тыс жерге шығаруға;

-         өртті сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;

-         өртті сөндірумен қатар қоныс аудару мен материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға;

-         өртке қарсы қызмет бөлімшелерін қарсы алуға және өртке жақындайтын ең қысқа жолды көрсетуге;

      Өрт сөндіру бөлімшесі келгенде, кәсіпорын басшысы (немесе оны ауыстыратын адам) өртті сөндіру басшысына ғимараттағы адамдардың саны, объектілердің конструктивтік және технологиялық ерекшеліктері, жақын орналасқан құрылыстар мен ғимараттар, объектілерде сақталатын және қолданатын қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті материалдар, заттардың саны және өрт қауіпті белгілері, сондай-ақ өртті тез сөндіру және өртті сөндіруге қатысушылардың қауіпсіздігі туралы қажетті мәліметтерді хабарлауға міндетті, сонымен бірге өртті жоюға байланысты қажетті іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында объектінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастыруға міндетті.

 

Железин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz