Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

«Қысқа тұйықталу» - бұл әртүрлі қуатты әлеуеті бар бір, екі немесе оданда көп өткізгіштердің бір-бірімен тұйықталуы.

Тұрмыстық аспаптармен мысал келтіруге болады: фазалық өткізгішті токөткізгіш қаңқаға тиіп кеткен кезде электрқалқанында қорғаныс ажыратқышы бірден іске қосылуы қажет – тығын істен шығады немесе автоматты ажыратқыш іске қосылады.

«Қысқа тұйықталу» автоматтық қорғаныс құралдары жарамсыз кезінде өте қауіпті болады. Егер үй иесі электр желісіндегі жүктемені мыс немесе метал өткізгіштері көмегімен жоғарылатқысы келсе, ол өз үйіне өз қолымен өрт салу қаупін туындатады. Бүгінгі күні электр желісіне күш түскен кезде ажыратылып қалған тоқты қайта қосу үшін арнайы басқышты баса салуға болады, ол үшін автоматтар (ПАР-10, ПАР-16, ПАР -25 типті автоматтар) қолданылады. Олар пәтердің электржелісіне арналып жасалған барынша ток қуаты жүктемесі 25 Амперден аспайтынын айта кеткен жөн. Ескі пәтерлер тоғына 16 Амперден аспайтын автоматты пайдалану ұсынылады. Десекте тығындардың автоматпен салыстырғанда сенімділігі төмен.

Пәтерлер немесе үйлердегі «қысқа тұйықталу» түрлі жағдайда орын алуы мүмкін. «Қысқа тұйықталуға» әкеп соқтыратын басты себептердің бірі электр сымдарының орауыштарының еріп кетуі. Көбінесе ондай орындар розеткалар, вилкалар немесе таратушы қораптарда (жалғанған жерлерде) болады.  Басты себебі – осы жерлердегі сымның осал жалғануы. Осындай жалғанудың салдарынан күш түскен кезде сымның сырты еріп, ток өткізгіш сымды жалаңаштап тастайды. Бұл жалғанулардың жасқы немесе жаманына өздеріңіз қарап, көз жеткізулеріңізге болады. Соңғы нұсқасында сым орауыштың сыртқы түсі қара-қоңыр болып, токтың күші түскен уақытта сым орауыштың күйген жағымсыз иісін сезесіз. Сонымен бірге розетканың немесе вилканың пластмасса қорабын қолмен ұстап көруге болады. Егер қолға қызғаны білінсе, онда жалғама жерлердің ақаулығы бар екенін көрсетеді, сондықтан кеш болмай тұрғанда шара қолдану керек.

 

Железинка ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz