Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg

2018 жылғы 18 ақпанда сағат 23.00-де  Шолақсор ауылында 5 бөлмелі тұрғын үйдің  асханасында газ баллонынан газдың шығуы салдарынан үй заттарының жануымен газ-ауа қоспасының тарсылы болды, өрттің аумағы 25 ш.м. Сөндіру өртке қарсы қалыптасу еріктілерінің күшімен атқарылды. Өрттің шығу себебі - тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы (газ баллон).

Осы  факт туралы келесі күні сағат 10.15-те  Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  Бірыңғай  кезекші-диспетчерлік  басқармасының пультіне хабарланды.

Нәтижесінде газ-ауа қоспасының тарсылы салдарынан 1974 жылы туылған ер адамның екі қолы, мойыны және арқасын 2-3 дәрежелі күйік шалған деген диагнозбен Ақтоғай ауданының орталық ауруханасынан Павлодар қалалық аурухананың күйік алу бөлімшесіне жеткізілді.

Осындай жағдайларды болдырмау үшін газ баллондарын пайдаланудың негізгі ережелерін сақтау қажет:

-газ плитасын тек қана жақсы желдетілген бөлмеде қолдануға болады;

-тұмшапештің оттығын жағу алдында оның қақпағын бірнеше рет ашып, жабу жолымен желдету қажет;

-газды жағу кезінде алдымен жанып тұрған сіріңкені оттыққа жақындатып, содан кейін бірақ шүмекі ашыңыз;

-плитаны таза ұстаңыз;

-газ құралдарын орнатуды және жөндеуді тек қана тиісті құжаты бар мамандарға сеніп тапсырыңыз;

-газ құбырлары мен құралдары кемшіліктерін өздігінен түзеуге тырыспаңыз;

-жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе егер оған балалардың қолы жететін болса;

-плитаның үстіне киім жаймаңыз, жанғыш заттарды плитадан алыстатыңыз;

-газ құралдарын қолданып болған соң құралдағы шүмекті және баллондағы вентильді жабыңыз.

Егер сіз газдың күшті иісін сезсеңіз, онда:

Шүмекті жауып, бөлменің ауасын тазартыңыз. Бұл ретте қандай жағдай болмасын от жақпаныз, ұшқынның пайда болуынан алшақтау үшін ешқандай электр құралдарын қоспаңыз. Газ баллоны сатып алынған, газбен жабдықтайтын қәсіпорынның авария қызметін шақыртыңыз.

Жеке меншік құқығында тұрмыстық қажеттілікке сұйытылған газды пайдаланатын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтын үйлер мен пәтерлердің иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

Железин ауданының ТЖБ

Сондай-ақ оқыңыз

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz