Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
10 Қыркүйек 2019 ж.

Йод тапшылығы ауруларының алдын алу

 Біздің әрқайсымыз өмірде бір рет болса да, йодты қолданды. Йод зат алмасу, өсу мен даму үшін маңызды. Мамандар тәулігіне йод қорын тамақтану арқылы 0,15 мг толықтыруды ұсынады. Егер осы зат жеткіліксіз болса, қалқанша безі зардап шегеді, гипотериозбен және кретинизммен эндемиялық зобтың дамуына әкеледі. Йод тапшылығының белгілері: шаршау, көңіл-күйдің болмауы, бастың ауырсынуы, ұдайы жалқаулану, жүйке жүйесінің тұрақсыз болуы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы. Сонымен қатар, аритмия мен қан қысымының көтерілуі, гемоглобиннің түсуі де әбден мүмкін. Ағзаны йодпен қалай нығайтуға болады? Табиғи йод теңіз өнімдерінің құрамында бар. Йодты тамақ тұзына да қосуға болады, жақсы қалыпты тағамдық қоспалармен де ұстауға болады. Дәріханалар йодталған таблеткаларды ұсынады: антиструмин қосылған йод-актив. Құрма, грек жаңғағы, балық майы, шаян, теңіз өнімдері, крабтар, креветкалар, кальмарлар, теңіз орамжапырағы йодқа бай. Екінші орынға сүт өнімдері, тауық жұмыртқасы, фейхоа, тәтті бұрыш, қарамық қосылған қара жүзім, жүгері, бидай, тары, өзен балығы ие. Аздап қана йод қызыл, сары шырындарда, сірнеде, соуста, сарымсақта, пиязда, қызылшада, картопта, сәбізде, құлпынайда кездеседі. Ал осы пайдалы элемент қабығы алынған картопта, көкөністерде (тұздалмаған), миндальмен жаңғақта, жұмыртқа ақуызында жоқ. Йодтың аз ғана мөлшері какао мен макарондарда, ақ мейіз бен қара шоколадта, сұйық майларда кездеседі. Ашық ауада йод желдетіліп кетеді, сондықтан йодталған тұзды ашық күйінде бірнеше айдан асырмай пайдалануға болады. Егер йодтың қорын ағза құрамында толықтырғыңыз келсе, кола мен газдалған сусындарды, шарапты, қара кофемен, сырамен, лимонадпен ішпеңіздер. Одан да йодталған тұзға назар аударыңыздар.  Тамаққа йодталған тұзды қолдануға ұсынады: ол ағзадағы йод балансын қалпына келтіреді, балаларда, жасөспірімдерде, жүкті және бала емізетін әйелдерде йод балансын қалпына келтіреді. Йод қосылған тұз қабынудан қорғап, зиянды заттардың жиналуына жол бермейді. ЙТА алдын алудың әдісі, жоғарыда көрсетілгендей, йодталған тұз болып табылады. Бірақ та, ЙТА дамуының жоғары топтары бар, бұнда қабылданатын йод мөлшерін мұқият дозалау қажет. Бұл, балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер. Осы топтарда йод тапшылығының алдын алу құрамында йод бар дәрілік препараттармен емдейді (йодид 100, йодид 200). Құрамында йод бар дәрілік препараттарды қолдану осы микроэлементтің айқындалған дозасының ағзаға енуіне кепілдік береді. Әр мамандықтың дәрігерлері, әсіресе эндокринологтар, гинекологтар мен педиатрлар балаларда (тәулігіне 100-200 мкг), жүкті және бала емізетін әйелдерде йод мөлшерімен қамтылуына ұдайы бақылау жүргізулері қажет. Жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды орындау ағзаға йодтың жеткіліксіз мөлшерде енуімен байланысты аурулардың алдын алуға жол береді.

Қаралғандары: 10

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz