Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
20 Наурыз 2020 ж.

Су басу және су тасқыны

СУ БАСУ және СУ ТАСҚЫНЫ – бұл қар еру, сел, мұздардың тежелуі кезеңінде; еріген қар суларының және жауынның өтуінде; қар еру кезеңінде өзендерде, көлдерде су деңгейінің көтерілу нәтижесінде едәуір жерді су басу. Су басу көпірлерге, жолдарға, ғимараттар мен құрылыстарға маңызды материалдық залал келтіре қирауға, ал су қозғалысының  қатты ағысында және үлкен жылдамдығында (4 м/с артық), судың көтерілуінің үлкен биктігінде (2 м. артық) адамдардың, жануарлардың өліміне әкелуі мүмкін.  Су тасқындарының барлық түрлерін алдын ала болжауға болады, тек қана суаттардың жырылуынан туындаған тасқындар ғана кенеттен пайда болады.

Су тасқыны қатері бар жерде тұратын адамдардың іс-қимылы.

Су тасқынына дейін:

     - күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкілетті мекемелердің рұқсаты бойынша салу;

-       қатерлі жерде уақытша тұрақ құрмау;

-       азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құтқарушы құралдарының қорын жасауды қарастыру;

-       гидрометеомәліметтерге, хабарландыруларға назар аудару;

-       су тасқыны қатері білінгенде газ және электр жүйелерін ажырату;

-       көлікпен бағалы заттарды қауіпсіз орынға көшіру немесе жаяу  көтеріңкі жерге орналасу.

Су тасқыны кезінде:

-       Басқару органдарының тиісті нұсқауларын алғанға дейін қауіпсіз жерде қалыңыз;

-       Тасқын суды кешіп өтуге тырысу керек, тереңдігі 15 см тасқын су адам үшін қатерлі, ал 50 см терең суды машина да еңсеріп өте алмайды.

-       Егер сізге көмек керек болса, апат белгілерін беріңіз. Олар: алау жағулар, мылтық атулар, автомобильдің дыбыс белгілері немесе ашық түсті туларды бұлғау болуы мүмкін және т.б.

Су тасқынынан кейін   

 Үйіңізді мұқият тексеріңіз:

-       фундаменттің тұтастығын;

-       қабырға, терезе, еденнің бүтіндігін;

-       газ және электр жүйелерінің жағдайын;

-       азық-түліктің жарамдылығын.

Сонымен қатар зақымданған электр, газ жүйелерін қосуды тек мамандарға тапсырыңыз. Суды міндетті түрде қайнату керек.

Қаралғандары: 9

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz