Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
20 Наурыз 2020 ж.

БЖЗҚ салымшылары мен қызмет алушыларының назарына!

«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларына әлемдегі қалыптасқан пандемиялық жағдайға байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің республикада төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2020 жылдың 30 наурызына дейін Қор бөлімшелерінің салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша зейнетақы қызметтерін алыстан (қашықтан) көрсету режиміне көшірілгендігі туралы хабарлайды. 

Салымшылар мен алушыларға зейнетақы қызметтері онлайн режимінде қолжетімді, онда төмендегі қызмет түрлері де қамтылған:

- тіркелген ЖСН және пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен enpf.kz сайтында немесе ұялы қосымша арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;

- электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда egov порталы арқылы немесе mgov жүйесінде тіркелген телефон нөміріне SMS арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді көшірме алу;

- салымшының (алушының) деректемелеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;

- enpf.kz сайтында ерікті зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау;

- төлемдерді (төлем түріне қарай) ресімдеу кезінде құжаттарды алдын ала тексеру және басқа да қызмет түрлері.

БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарынан 1418 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) қысқа нөмірі немесе +7 727 3561060 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшін) нөмірі бойынша кеңес алуға болады. Кеңес беру, сондай-ақ, Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтында, +7 777 000 14 18  нөмірі бойынша WhatsАpp, Viber-дегі чат-бот арқылы, Қордың Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында да қолжетімді.

Сіздің назарыңызды БЖЗҚ-ның орталық кеңсесі мен барлық аймақтық бөлімшелері өз қызметтерін жалғастырып жатқанына аударғымыз келеді. Кейінге қалдыруға болмайтын және күндізгі қызмет көрсетуді талап ететін жағдайларда БЖЗҚ кеңселерінде салымшылардың мүддесі үшін кезекші қызметкерлер жұмыс істейтін болады, олармен enpf.kz сайтына орналастырылған тізім бойынша телефон арқылы алдын ала хабарласуға болады.   

 

Азаматтардың денсаулығына алаңдаушылық білдіре отырып, Қор өз салымшылары мен алушыларына түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді!

Қаралғандары: 8

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz