Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
20 Наурыз 2020 ж.

Неке бұзу туралы

Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 272-VІ Заңы, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі қолданысқа енгізілді.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген сот шешімі тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуге жатпайды және некені бұзған азаматтар үшін негізгі құжат болып табылады.

Сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде сот шешімінің көшірмесін сот шешімі шығарылған жер бойынша, сондай-ақ неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органға жібереді. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәліметтер онда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы белгі қою арқылы неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында көрсетіледі.

Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жаңа некеге (ерлі-зайыптылыққа) кіруге (тіркеуге) құқылы. 

Неке бұзылғаннан кейін тегін өзгертуге ниет білдірушілер үшін сот шешімінде ерлі-зайыптылардың пікірін ескере отырып, тегі көрсетіледі. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде тегі өзгерген кезде азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды айырбастауға міндетті.

Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға және бір-біріне мүліктік және өзге де талап-арыздардың болмауына азаматтардың өзара келісімі бойынша өтініштері тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркелуге жатады. Мемлекеттік қызметті Жергілікті атқарушы органдар некені бұзушылардың жеке қатысуымен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетеді. Өтінішті қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 

Өтініш беруге және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін баламалы негізде Қазақстан Республикасының кез келген Тіркеуші органында ерлі-зайыптылардың немесе олардың біреуінің қалауы бойынша немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы алуға болады.

 

А. Швабауэр

Железин ауданы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы

Қаралғандары: 14

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz