Железин ауданының әкімдігі
ресми интернет ресурсы
Акимат Железинского района
официальный интернет ресурс
1.jpg
2.jpg
3.jpg
4.jpg
5.jpg
6.jpg
7.jpg
8.jpg
9.jpg
22 Мамыр 2020 ж.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудың басталуы туралы

2020 жылдың 10 маусымнан бастап «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік жүргізу негіздеріне арналған оқытудың тегін курстары басталатын болады.

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.        

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

Өтініш беруші "Атамекен" ӨКП - не немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына оны оқудан өту үшін топқа қабылдауды өтінеді.

Сонымен қатар, үміткер өз бетінше сілтеме бойынша онлайн-өтінімді қалыптастыра алады https://atameken.co/ru/course-bastau жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдаманы жүктеумен.

Оқытудың нақты орны мен уақыты туралы толық ақпарат алу үшін облысының аудандары мен қалаларындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына хабарласу қажет.

 

ӨКП филиалдарының мекенжайлары:


1. Ақтоғай а., Абай көшесі,79, тел.87184121944

2. Баянауыл а., Гагарин көшесі, 62, тел. 87184091176
3. Железинка а., Квиткова көшесі, 13,.тел.87183122425

4. Ертіс а., ул. Гагарин  көшесі, 85, тел. 87183221074
5. Тереңкөл а., Тәуелсіздік көшесі, 85, тел. 87183321671
6. Аққу а,. Амангелді к-сі 84/А, тел.87183979185
7. Көктөбе а., Қазыбек би к-сі.29, тел 87183891931
8. Ақсу қ., К.Маркс к-сі, 1, тел.87183733166
9. Екібастұз қ., Строительная к-сі 45, тел. 87187347661
10. Успенка а., Семенченко к-сі, 29, тел. 87183491976

11. Шарбақты а., Малайсары тархан к-сі, 42, тел. 87183621210
12. Павлодар қ., ул.Луговая к-сі, 16, тел.87182660311 ішке 5522, 5560

 

Жұмыспен қамту орталықтарының мекен-жайы

 

1. Ақтоғай а., Абай көшесі,79, тел. 87184122136, 87184122207;

2. Баянауыл а., Сатбаев к-сі, 62, тел. 87184091768
3. Железинка а., Квиткова к-сі, 7, тел. 87183122447;

4. Ертіс а., Богенбай к-сі, 97, тел. 87183222880

5. Теренкол а., Тургенев к-сі, 85а, тел. 87183321782
6.  Аққу а., Амангелді,84/А к-сі тел.87183979083;
7. Көктөбе а., Айтеке би к-сі, 14 тел. 87183891494;
8. Ақсу қ., Әлия Молдогулова к-сі, 10, тел. 87183769995
9. Екибастуз қ., Бауржан Момышулы к-сі, 45 тел.87187754650

10. Успенка а., 10 лет Независимости к-сі, 10, тел. 87183491663

11. Шарбақты а., Тәуелсіздік к-сі, 26, тел. 87183623474
12. Павлодар қ., Ак.Бектуров к-сі, 115Б, тел. 87182215480, 87026096742

Қаралғандары: 21

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ
  • СОТ КАБИНЕТІ
  • 114 - СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ
  • 100 нақты қадам
  • Адам саудасы
  • OTAU TV
  • Қазтелерадио
  • ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
  • Ақорда
  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарлама
  • Электрондық еңбек биржа
  • www.egov.kz
  • Өнеркәсіптік революция 4.0
  • DAMU
  • Нұрлы Жер
  • Даму-Өндірс
  • 20-85%
  • DAMU АБР
  • Даму-Аймақтар
  • ЕБРР
  • Еңбек
  • PROON
  • Субсидиялау
  • E-gov.kz
  • E-gov.kz